Вторник, 17 сентября

«ӨРЛЕУ» — ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ!

0
131

Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы №12 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда. Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін курсқа аталмыш саланың пән мұғалімдері қатысуда. «Өрлеу»’ ҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Бертай Токеев курсқа жетекшілік етуде. Алғашқы күннен бастап курс қызықты да құнды дүниелерге толы болып басталды. Курсқа қатысқан музыка пәнінің мұғалімдері жоғары белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып жетекшінің сабаққа қатысты берген түрлі тақырыптардын іліп ала кетіп, қызу талқылап отырды. Облысымыздың түкіпір-түкпірінен жиналған музыка пәні мұғалімдері бір-бірлерімен тәжрибе алмасып, берілген әр тапсырманы жауапкершілікпен бірге атқарды.
«Өрлеу» — қазіргі таңда барлық педагог қауымымен ынтымақтасып, әдістемелік көмек беріп, мұғалімдердің біліктілктері мен кәсіби шеберлігін арттыруда алда тұр. Педагог қауымының жанашыры, қорғаны бола білген ұстаздардың ұстазы, біздің аға оқытушылар бар өмірін аянбай осы іске арнаған қстаздарымызға және курсқа жетекшілік жасаған Бертай Есмаханұлына алғыс білдіремін. «Өрлеу» өрге өрлей берсін!

Азамат Қожабек,
Түркістан қаласы Әйтеке би атындағы №26 мектептің мұғалімі.

Leave a reply