Өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығы тексерілді
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әрбір қоғам әрқашан өзгеріс күйінде болады және ол қоғамда әрқашан жалпы жанжалға әкелетін келіспеушілік элементтері өмір сүреді. Дау-жанжал, кикілжің жағдай – бір немесе бірнеше жақтың арасындағы белгілі бір мәселені шешуде әр жақ өзінің дұрыстығын дәлелдеу кезіндегі пайда болатын қарама-қайшылық. Ол өз кезегінде ұжымның моральдік психологиялық ахуалына кері әсерін тигізеді.
Өрт сөндіру және құтқарушыр жұмыс барысында осындай кикілжің орын алған жағдайда оның пайда болу себептері, түрлері, шығу жолдары жөнінде психологиялық тұрғыдан түсінік қалыптастыру қажет. Осыған орай, №4 өрт сөндіру бөлімінде «Кикілжің және дау-дамайдың, суицидтің алдын алу жолдары» және «Қызметкерлер арасында бір-бірімен байланыс орнату және дау-дамайды шешу жолдары» тақырыбында психопрофилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Ұжымда қызметкерлер арасында келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Дегенмен, сол келіспеушіліктер тиімді жолмен шешілсе ұжымда қолайлы моральды психологиялық климат қалыптасады. Бұл қызметкерлердің құтқару жұмыстарын кез келген жағдайда жоғары кәсіби деңгейде орындай алады дегенді білдіреді.
Сонымен қатар №2 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен «Өз-өзіне қол жұмсауға әсер ететін факторлардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл ретте, дау-дамайсыз қарым-қатынас туралы білім, білік және дағдыларды меңгерту, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, эмоцияналды стресстің, депрессияның деңгейін төмендету мақсатында «Дау-дамайлы мәселелерді шешу, эмоционалды жағдайды реттеу» тақырыбында тренинг жүргізілді. Жалпы іс-шараға өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері қатысты.