Ресейден Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі табылды
БҚО Ақсай қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында Ресейдің Смоленск облысында бейіттен сүйектердің шығарылғаны туралы хабарлама жарияланды. Мұнда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан 1902 жылы туған Урнасай Мирасов анықталды. Оның жеке заттарын табыстау үшін туыстары іздестірілуде. Бұл туралы Infonews.kz сайты “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет (иллюстративті) ашық дереккөзден
Қатардағы жауынгер Урнасай Мирасов БҚО, Бөрлі ауданы Қызылтал ауылында дүниеге келген. Соғыс кезінде 516-атқыштар дивизиясының құрамында 716-атқыштар полкінде қызмет еткен. Деректерге сай ол ЕГ 4864 госпиталінде 1943 жылдың 3 тамызында аурудан қайтыс болған. Жұбайы Просковья Мирасова.
“Урнасай Мирасовтың жеке заттарын табыстау үшін туыстарын іздейміз”, – делінген әкімдік парақшасында.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (777) 696 51 41, 8 (777) 567 77 98 телефондарына хабарласыңыз.
Сарбаздың сүйегін “Атамның аманаты” қоғамдық ұйымы Ресейдің іздеу қозғалысымен бірге тапқан.