Жылыжай табыс көзі

Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіндегі «Асылжан и К» ЖШС-і жылыжайының басшысы Абай Үсенов көкөніс да-қылдарын өсірумен шұғылданады. 2017 жылы 30 соттық жерге «Ташкент» сұрпының 300 түп лимон көшеті отырғызылған. Жылыжайда 15 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер жылыжайды іске қосуға 115 млн. теңге қаржы жұмсаған. Бұдан бөлек, ашық суармалы жерге 2,8 гектарға картоп өсіріледі.
Өткен жылы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында қызанақ және қияр өсіретін «Валиев» жеке кәсіпорнының жылыжайы жұмысын бастады. Кәсіпкер Валиев Селимханның айтуынша, 5 гектар жерде ол кәсібін дөңгелетіп келеді. Осы жердің 60 соттық бөлігі жылыжай, қалған 2,5 гектары ашық суармалы жер. Жылыжайда қиярдың «Семеренко» сұрпы егілген. Келесі айналым «Умагна» голландиялық сұрпының 13 мың түп қызанағы егілді. Жақында ол жемісін бермек.
Лимон – суық тигенде таптырмас өнім. Ал иммундық жүйені нығайтудан басқа, лимон үй тұрмысында да пайдасы көп жеміс екенін білесіз бе? 1) Лимон микротолқынды пешті тазалауға, сондай-ақ оның ішіндегі жаман иісті жоюға көмектеседі. Ол үшін су құйылған стақанға бірнеше қасық лимон сығындысын қосып, пештің ішінде қыздыру керек. Кейін қоспаны 10 минут микротолқынды пештің ішінде ұстаған абзал. Артынша құрылғының ішін таза шүберекпен сүртіңіз. 2) Үйдегі металл ыдыстарды лимон қабығымен сүртіп, салқын сумен жусаңыз, жарқырап шыға келеді. 3) 4-5 ас қасық лимон шырыны қосылған сумен әйнек пен айнаны сүртсеңіз, бетіндегі барлық дақты кетіреді. Әрі үйдің ішіне жағымды иіс береді. 4) Күріштің бір-біріне жабыспай, шашырап піскенін қаласаңыз, 1 ас қасық лимон сығындысын пайдалансаңыз жеткілікті. 5) Лимонның көмегімен киімдегі майлы дақтарды оңай кетіруге болады. Ол үшін дақ тиген жерге лимон шырынын құйып, түнге қалдыру керек. Содан кейін киімді суық суда жуу қажет. 6) Шәйнектің ішін қақтан тазартуда лимон таптырмас құрал. Лимонды қабығымен кесіп, үстінен су құйып, 10-15 мин қайнату керек.
Ал, ашық суармалы жерге картоп, қияр, қызанақтың бірнеше сұрпы, болгар бұрышы, жүгері, қарбыз өсіруде. Кәсіпкер шаруашылығын дамытуға 120 млн. жуық қаржы жұмсаған. Шаруашылықта 25 адам жұмыспен қамтылған.