Thursday, November 21

200-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ИЕСІ ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАСЫН ТЕГІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРДІ

0
145
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтардың тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға құқылы санаттар қарастырылған ереже бар.
Аталған ережеге сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 194 пәтер иесі жалдамалы баспанасын тегін жекешелендірді. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, 1 және 2 топ мүгедектері, Семей ядролық сынақ полигонында, Чернобыль атом электр станциясындағы және Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар, әскери және ішкі істер органдарының күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлер, саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен азаматтар бар.
Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер 2016 жылға дейінгі, яғни «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар.
Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша соңғы 3 жыл көлемінде бүгінгі дейін жалпы саны 427 азамат жалдамалы баспанасын жекешелендірді. Оның ішінде 194 пәтер иесі жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес келу арқылы тегін жекешелендіру құқығына ие болды.

Leave a reply