ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРЫШТАП ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
51

Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биыл алты ай көлемінде облыста 13,1 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген. Оның ішінде, 8,1 мың гектарға тамшылатып суару, 5 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орнатылған.

Шаян қашыртқысындағы бас тоспаны көріп, ауыл округіндегі ағын су мәселесімен танысты. 2008 жылы салынған тас тоспадан сыйымдылығы секундына 30 куб/м су өтеді. Ұзындығы 11 км құрайтын қашыртқыдан суғарылатын жер көлемі 1489 гектар.

Аралау барысында қашыртқының Ордабасы ауданы мен Отырар ауданындағы бөлігінде белгіленген ағын су тарифін реттеу мәселесі айтылды. Аудан әкімі аталған мәселені жан-жақты саралап, заң аясында тиісті жұмыстар атқаруды жауапты сала басшыларына тапсырды.

Мұнан соң Шілік ауыл округіндегі «Абдрахман КМ» өндірістік кооперативінің шаруашылығымен танысты. Жалпы жер көлемі 200 гектарды құрайтын кооперативтің иелігіндегі 8 гектар жерге қарбыз, 92 гектарына қауын, 25 гектарына жоңышқа, 25 гектарына жүгері дақылы егілген. Шаруашылықта 15 адам жұмыс істейді.
Сондай-ақ елді мекендегі өндіріс орындарының бірі қымыран, шұбат өнімдерін шығаратын «Гүлмайра» шаруа қожалығы. Шаруашылық тәулігіне 2,0 тонна шұбат өнімін шығарады. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған шұбат цехында 16 адам жұмыс істейді. «Отырар шұбаты» брендімен танылған отандық өнім қазіргі таңда республиканың Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Ақмола облыстарына таратылады.

Аудан әкімі аталған кәсіп иелерінің шаруашылықты одан әрі дамыту бағытындағы ұсыныстарын тыңдап, мемлекеттік қолдаулар туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Отырар ауданындағы филиалы арқылы кеңес алуға болатынын атап өтті.

«Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округ пен 62 кооператив қатысады. Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар, биыл бағдарламаны электронды AMANATNESIE.KZ платформасы арқылы жүзеге асыру көзделуде. Қазігі таңда Республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұдан бөлек, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектар аумаққа егілген. Республикада астықты ору науқаны Түркістан облысынан басталды.

Leave a reply