400 АДАМДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН АВТОБӨЛШЕК САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

0
115
Бүгін Сарыағаш қаласында заманауи үлгідегі автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған «TOLEGEN ATA AVTOMARKETI» ашылды. Сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, лентасын қиды.
– Бүгін ауданымызда заманауи үлгідегі автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған сауда орталығы ашылып отыр. Жыл сайын аудан кәсіпкерлері өз кәсібін ашып, көптеген жұмыстар атқаруда. Сондықтан біз осындай азаматтарды қолдауымыз керек. Алдағы уақытта аталған нысан 400-ге жуық аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздық мәселесін шешуге өз септігін тигізері сөзсіз. Аудан кәсіпкерінің бастаған кәсібі дамып, жаңа орталық халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Барлығыңызды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын! – деп аудан әкімі жылы лебізін білдірді.
Сауда орталығы ғимаратының жалпы алаңы 5200 шаршы метрді құрайды. Мұнда 156 сауда дүңгіршегі орналасып, тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында жеделсаты (лифт) және эскалатормен қамтамасыз етілген.
Айта кетсек, аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 17410 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Осы субъектілерде жұмыс істейтін адамдар саны 38 500 жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,5 %-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі және көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемдері 75,0 млрд теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 %-ға артқан.

Leave a reply