ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛДАРҒА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛУДЕ

0
137
Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы көшелерде қазіргі уақытта  топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған Қаратау ауданы аумағында жалпы 1272 көше бар болса, ол көшелер 1 110 шақырымды құрайды. Оның ішінде 483 көшеде асфальт жол болса, 735 көшеге шағал тас төселген. Енді қалған 54 көше, ол 45,7 шақырым құрайды. қалған 54 көше жол топырақ көшелер.
Осы жылы аталған топырақ көшелердің барлығына шағал тас төселетін болады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстарды мердігер «Атырау Group» ЖШС-гі атқаруда.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Парманов
шағал тас төсеу жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау мақсатында жұмыс барысын қадағалады.
Айта кетейік аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемемен бірлесе шағал тас төсеу жұмыстарын уақытында аяқтау қажет екенін және барлық жұмыстар аудан әкімінің жеке бақылауында екенін назарға алды.

Leave a reply