ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖДАРҒА ҚОЛДАУ ЖАСАЛДЫ

0
104
Игі шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» марафоны аясында жасалды.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Жолдыхожаев әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 30 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Кең пейіл азамат жасаған тарту жалғызбасты аналарға да берілді.
Өз кезегінде тұрғындар игі істің ұйытқысы болған «Nur Otan» партиясына алғыстарын жеткізді. Ал қайырымды істің куәсі болған ақсақалдар жақсылық жасап, тұрғындардың еңсесін көтеріп жүрген азаматтарға ақ батасын берді.
Айта кетейік, жоғарыда атап өткен 30 отбасы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған қоғамдық қабылдауға жазылып, көмек сұраған азаматтар тізімінен іріктеліп алынғандар.
Еске салсақ, биыл қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей қолдауымен 75 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді және ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы өтті. Жалпы жергілікті мешіттер мен әкімдік арасында көптеген тағылымы мол жұмыстар атқарылуда, қайырымдылық шарасына да атсалысып жатқан атымтай жомарт азаматтар аз емес.

Leave a reply