БАЛАЛАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері жазғы демалыстың барынша тиімді өтуі үшін балалардың демалыс және сауықтыру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін өткізді.
ТЖ басқармасының мамандары балалардың сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан балалардың қауіпсіздігіне барынша назар аудара отырып, үгіт-насихат жұмыстарының әдістерін әртараптандыруға тырысады.
«Үш бұлақ» балалар сауықтыру лагерінде ТЖ қызметкерлері лагерь әкімшілігімен бірлесіп «Құтқарушылар – біздің достар»тақырыбында балалар суреттерінің конкурсын ұйымдастырды. Әр түрлі сурет салу стилінде әр түрлі жастағы топтардың балалары өз суреттерінде құтқарушы мен өрт сөндірушінің қиын және маңызды мамандығы, өрт қауіпсіздігінің ең маңызды ережелері және ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салу туралы айтып берді. Бұл ретте ұлдар мен қыздар өздерінің шығармашылық таланттарын көрсетіп қана қоймай, өрт қауіпсіздігі саласындағы мықты білімдерін көрсетті: шұғыл қызметтердің нөмірін және өрт болған жағдайда іс-қимылдардың нақты алгоритмін еш ойланбастан айтып берді.
Іс-шара соңында ТЖ мамандары балаларға грамоталар, сыйлықтар және тұрмыста ӨБ шараларымен жадынамалар табыс етті.