«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

0
105

Биыл Шымкентте 976 азаматты сатып алу құқығынсыз яғни арендалық пәтермен қамту жоспарланып отыр. Бүгінде оның 608-і баспаналы болды. Ал қалғандары алдағы уақытта кезегі бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.

Мемлекеттің көмегіне жүгінген көпбалалы ана Ақгүл Өсерова «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 3 бөлмелі пәтердің иесі атанды. Ұзақ уақыт бойы үй кезегіне тұрып, бүгінде ол көптен  күткен 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отыр. Күйеуі 2 топтағы мүгедек, жұмыс істемейді.  Тек мемлекеттік көмектен берілетін жәрдемақыға күн көреді. Бұған дейін айына 80 000 төлеп жалдамалы пәтерде күнелткен отбасының, қазір жағдайы жақсы. Осындай мүмкіндікке ие болған жанұя мемлекетте қалай алғыс айтсақ та аздық етеді, — дейді.

Жалпы, шаһарда 45 000-нан астам азамат үй кезегінде тұр. Баспана алдымен көпбалалы аналарға, мүгедек жандарға, аз қамтылған отбасыларға, жастарға беріледі. Одан кейін мемлекеттік қызметкерлер мен тағы да басқа тұрмысы төмен жанұяларға үлестіріледі. Қазіргі таңда пәтер беру жұмысы 2 бағытта жүргізіліп жатыр. Біріншісі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ұзақ мерзімді жалға беру. Ал екіншісі, жас отбасыларға 5 жыл көлемінде аз мөлшердегі ақша жалға беру. Бұл бағдарлама жастарға үлкен қолдау беріп отыр.

Айта кетейік, қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Абылайхан Әлібекұлының айтуынша, жалдамалы пәтерге үміткер бола алатын жастардың санаты арнайы заңмен белгіленген. 29 жасқа дейінгі тұрақты жұмысы бар және айлық табысы 40 АЕК кем емес, атында соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік тіркелмеген, қалада тұрақты тіркеуде екі жылдан аса тұрған жастар осы бағдарлама аясында баспанаға ие болады.

Leave a reply