«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 2500 АДАМ КӘСІПТІК БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

0
117

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2500 астам азамат жолданды. Жобаның І кезеңі 21 маусымда басталды. Биыл 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білімін шыңдауда. 1 900 адам 24 кәсіп негізінде және еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша қызметкерлер оқытылатын болады.

Курста азаматтар 30-дан аса мамандықтар бойынша білімін жетілдірмек.  Оның  ішінде  дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз сынды мамандықтар бар.  Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады.

Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң  арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар,оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығының 4 аудандық бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері ашылған.  Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.

Leave a reply