СЕНАТОРЛАР ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова арнайы іс сапармен келіп, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті.
Кездесуге депутаттардың басым көпшілігі пандемияға байланысты онлайн түрде ZOOM арқылы қатысты. Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов жүргізіп, депутаттар тарапынан бірнеше өзекті сауалдар қойылып шешу жолдары талқыланды. Атап айтар болсақ әлеуметтік, экономикалық, медицина, тұрғын үй, кәсіпкерлік, сонымен қатар қаламыздағы бірнеше басым бағыттар бойынша сауалдар қойылды. Өз кезегінде сенаторлар Парламент жоғарғы палатасының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын және қабылданған заңдардың маңызы туралы егжей тегжейлі хабардар етті.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары жергілікті атқарушы органдарына инфрақұрылымдық жүйелерге қатысты жоспарлау мәселелері бойынша және медицина саласына дербес құзырет беруге қатысты қажетті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесі де көтерілді.
Н.Бекназаров және А.Қапбарова мәслихат депутаттары көтерген сауалдар мен ұсыныстарды жан-жақты қарап, мәселелерді толықтай зерделегеннен кейін Парламенттің жұмысы барысында шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Жиын соңында мәслихат депутаттарының сауалдарына сенат депутаттары жауап беріп, ұсыныстарын Парламент отырыстарында көтеріп, депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.