ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

0
96

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым» жобасының аясында көне Түркістан, Тараз, Отырар, Сауран қалаларында болып қайтты.

Оңтүстік өңірдің мыңжылдық шаһарларына «Көне қалашық» кешенін зерттеуші оқушылар Ердәулет Махамбет, Жанасыл Рысбек, Алуа Мыңжасар, Аяжан Төлеген, Заңғар Өтеш пен «Photo Camp – 2021» элективті курсының қатысушылары Бақыт Хаман мен Олжас Жахангер барды.

– Қажымұқан мұражайынан басталған төрткүндік экспедиция оқушылардың зерттеу нысаны – Көне қалашықпен аяқталды. Экспедиция аясында оқушылар Отырар қаласы, Ежелгі Тараз қалашығы, Айша бибі мен Қарахан кесенелері, Күлтөбе, Сауран, Түркістан қалаларында болып қайтты. Оқушылардың бұл аталған тарихи орындарды таңдаы бекер емес. Жоғарыда көрсетілген тарихи орындар тарих пәнінің оқу бағдарламалсында кездеседі. Кітаптан түйген көне тарих ескерткіштерін барып көру оқушыларға үлкен қуаныш сыйлады, – деп бөлісті тарих пәнінің мұғалімі Арман Касымбеков.
«Туған елге тағзым» жобасының өлкетану-зерттеушілік мақсаты фотоөнермен де ұштасқанын айту керек. Сапар бойына тарихи нысандар оқушылардың фотообъективінің назарында болды.

– Түрлі объектілерге барып, сол аймақтың тарихымен танысып, тарих және әдебиет пәндері бойынша білім аясын кеңейтіп, зерттеушілік, шығармышылық дағдыларымызды жеткілікті дәрежеде дамыта алдық, – деді жас фотограф Олжас Жахангер.

Leave a reply