Thursday, November 21

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

0
120

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 тамыз күні Шымкент қаласында «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Әлем балалар көзімен» атты психоневрологиялық ауруға шалдыққан және тірек қимылында ақауы бар балаларға қол сөмкелеріне сурет салудан мастер-класс ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауына, еңбекке баулуға және тиімді уақыт өткізуіне жағдайлар жасау. Шарада арнайы мамандардың кеңестері тыңдалып, қызықты ойындар ойнады. Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, тәттілер таратылды.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 орталықта жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 135 бала тәулік бойы тұрақты стационар жағдайында және 95 балаға жартылай стационарда емдік оңалту шараларын қабылдауда. Орталықта медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек беріледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында гидрокинезотерапия яғни, суда емдеу тәсілі қолданылуда. Білікті дәрігерлердің нұсқауы және бақылауымен тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балалар бұл емдік терапия түрін аптасына 3 рет 15-20 минут көлемінде қабылдауда. Стационар жағдайында балалар 5 мезгіл ыстық рационалдық тамақпен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген көмектің нәтижесінде балалардың қарапайым тұрмыстық дағдылары қалыптасып, өзіне-өзі күтім көрсете алатын дәрежеге жеткендері бар. Мәселен, 40-тан астам бала соңғы 3 жылда ата-ана қамқорлығына оның ішінде, біраз балаларымыз оң өзгеріске ие болып, отбасыларына оралды.

Leave a reply