ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦЕЙЛЕР САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0
126

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, қала аумағындағы сауда орындарында есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.

Сатушыларға ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Айта өтсек, кәсіпкерлік иелеріне адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынады. ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабына сәйкес, «есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» – лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 300, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Бұл бағыттағы іс-шаралар ұдайы түрде ұйымдастырылуда.

Leave a reply