ТАССАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0
135

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Тассай тұрғын алабындағы жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысы аудан әкімі тарапынан үнемі бақыланып отыр.

Әкімдік мамандары құрылыс жұмыстарының барысын аралап, жұмыстарды сапалы орындау, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін дер кезінде қайта қалпына келтіру бойынша мердігер мекемемен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәріз жүйесінің құрылысын Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен “Сарыағаш- Аман” ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда.

Құрылыс осы жылы басталып, 2022 жылы аяқталатын болады. Нәтижесінде Тассай тұрғын алабындағы 3 мыңға жуық үй орталық кәріз жүйесіне қосылатын болады.

Ағымдағы жылы Шымкентте 18 мың тұрғын кәріз жүйесіне қосылады. Қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 магистральды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 3 шағынауданның және 1 магистральды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағынаудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылатын болады.

Айта кетейік, қаладағы 81 шағынауданның 18-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 63 шағынаудан әлі қамтылмаған.

Leave a reply