СУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛАНДЫРУҒА ТОЛЫҚ КӨШТІ

0
116

Шымкентте тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі мәселе. Осы орайда шаһарда су жүйесі цифрлландыруға толық көшкен. «Су арнасы-Маркетинг» мекемесі мамандарының айтуынша, Ақбайдан бастап қалаға келетін су құбырларында 200 су бақылау нүктесі орнатылған.

Заманау технологиялар арқылы құбырлардағы судың қысымын қашықтықтан бақылайды. Орталық диспетчер торабының мамандары да осы көрсеткіштерді монитормен бақылап, судың қысымын реттеп отырады.

Сонымен қатар қала бойынша су есептегіш құралдар толық орнатылған. Одан бөлек орамдық, аумақтық ірі су есептегіш құралдары қойылған. Яғни, жердің астынан көтерілгеннен бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықтағы құбырлардағы су көлемі әрдайым бақылауда, деп атап өтті мекеменің суды тиімді пайдалану менеджері Қазыбек Сариев.

– Мамандарымыз көшелердің басында, көп қабатты үйлерде орнатылған, аумақтық су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін қашықтықтан бақылайды. Ал 200 бақылау нүктесінде су құбырына ультрадыбысты датчик орнатылған. Бұл бағытта Германияның, Израильдің жетекші фирмаларымен келісім-шарт жасасып, бірге жұмыс істеп келеміз. Ал тұрғындардан тәулік бойы жұмыс істейтін орталық диспетчерге түскен қоңыраулар дер кезінде тіркеуге алынып, жұмыс жүзеге асырылады, – дейді Қазыбек Сариев.

Айта кетейік, судың жағдайын тәулік бойы қадағалап отыру, бақылау нүктелерін орнату секілді автоматтандырылған жүйені Шымкент алғашқылардың бірі болып қолға алған.

Leave a reply