ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
105

Бұл жоба жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылып отыр. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын тәмамдаған жастарды 24 ай жұмыспен қамтиды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктіліктерін арттырады.

Жобаға 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген, жұмыс өтілімі жоқ, NEET санатындағы жастар қатыса алады. Еңбекақысы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрап отыр.
Үміткерлер жұмыспен қамту орталығының тіркелген мекенжайы бойынша аудан бөлімшесіне жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

Алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжайда орналасқан қалалық халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

Абай ауданы бойынша Жиделі байсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» сауда орталығы, 1 қабат).
Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі ,201.
Еңбекші ауданы бойынша Күншығыс» м/а, Жолан батыр көшесі 115/2.
Қаратау ауданы бойынша «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.

Leave a reply