ШЫМКЕНТ: 36 ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БЕКЕТІНЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ҮЛЕСТІРІЛДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Nur Otan” партиясы “30 Қайырымды іс” жобасы аясында екпе егу бекеттеріндегі дәрігерлерге ыстық тамақ үлестірілді.
Елдегі пандемияның кезінде еңбектері адал ақ халатты абзал жандардың көңілін ауламақ ниетте жасалған игі іске Шымкентте қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қайрат Сүлейменовтың қолдауымен, «Пища жизни» дәмхана желісі және қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мұрындық болды. Олар «30 қайырымды іс» жобасы аясында 36 екпе егу бекетіндегі дәрігерлерге ыстық тамақ пен жеміс үлестірді.
Қалалық Жастар мәслихаты депутаты Жасмин Ашимова бастаған еріктілер алдымен Медикер медицина орталығында орналасқан екпе егу пунктінде болды. Мұндағы вакцинация пункті таңғы 8:00 мен кешкі 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Күніне 200-ге жуық адамға екпе егіледі.
Еріктілер дәрігерлерге пандемия кезінде талмай еңбек етіп, халыққа аянбай көмек қолын созып жатқандары үшін құрмет көрсетуді азаматтық борыш деп санайды.
Айта кетейік, акция аясында 100-ге жуық медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ таратылды.