ШЫМКЕНТТЕГІ 71 КӨШЕГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы саны 71 көше, яғни 49,8 шақырым жол белгіленген.
Атап айтқанда:
Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым жол, 20 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзақ, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай ақын, а/ж №5, а/ж №9, Ардагерлер, а/ж №6, а/ж №7, Мендешов, Молшылық, Байқара, Ізен, Ырыс, а/ж №6, а/ж №2 Құлагер, Ақсұнқар, Ақсауыт, Саяхат, а/ж №10, Мұңайтпасов №1, Мұңайтпасов №2, Аққанат көшелері кіреді.
Аталған жұмыстардың мердігері «Отау Строй» және «Алем Транс Жол » ЖШС, ал техникалық жобалаушы «Pride group» және «Банур-1» ЖШС бекітілген.
Қазіргі уақытта 75%-ға жуық жұмыстар атқарылған.
Абай ауданы бойынша 9,1 шқ жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Баққараев, Арынқожа, Ахметов, Алтынбекұлы, Оралбайұлы, №1 өткел көшелері, Ауезов, Бақбаев, Алпысбаев, Саттарханов, Бейбітшілік, №1, №2, №3, №4, Орталық, Агропром көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС «Шымкент Дор Строй», ал техникалық жобалаушы ЖШС «Жобақұрылыс орталығы» бекітілген. Қазіргі уақытта 80%-ға жуық жұмыстар атқарылған.
Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шқ жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Замана,Ғажайып №1, Ғажайып №2, Шамшырақ,Несібе, Несібе №1, Несібе №2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық, Үшқұдық №1, Үшқұдық №2, Керемет, Еламан көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС «Корпорация Береке -А», ал техникалық жобалаушы ЖШС «Мир-Строй и Компания» бекітілген. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданы бойынша жұмыстар толығымен 100% атқарылған.