ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕМХАНАЛАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДА

0
109


Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, бүгін Nur Otan партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы кеңес төрағасы Есенбек Серкебаевтың басшылығымен онлайн форматта өтті.

Nur Otan партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі
Қоғамдық кеңес өткен мамыр айында қаламыздың емханаларындағы екпе егу бекеттеріне бақылау бейнекамераларын орнату жөнінде ұсынысының негізінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы шілде айының басында елімізде алғаш рет Шымкент қаласының егу бекеттеріне бақылау бейнекамералары оранатылғаны жөнінде хабарлаған болатын.

Қоғамдық кеңестің осыған дейінгі ұсынымдарының орындалуын бақылау мақсатында БАҚ өкілдерімен бірге Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралау барысында, бүгінгі таңдағы қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты медицина мекемелерінің басшыларының пікірлері мен ұсыныс-тілектері тыңдалған болатын.

– Отырыста осы проблемалық сұрақтарды талқылап, зерделеп және ол бойынша бойынша Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваны тыңдадық. Емхана дәрігерлерінің проблемалық сұрақтарын Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы тікелей бақылауларына алып, ретке келтіру жағын қарастыратынын жеткізді және тамыз айының соңында өтетін келесі отырыста орындалғаны жөнінде есебін беретін болды, – деді қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев.

Қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев денсаулық сақтау саласындағы барлық құрылымдар бүгінгідей сын сағатта үйлесімді жұмыс атқаруы тиіс, денсаулық күтімін сақтауда халық арасында нәтижелі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін атап өтті.

Leave a reply