Thursday, November 21

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

0
102

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда. Әл-Фараби ауданының тәртіп сақшылары Байтұрсынов көшесінде орналасқан “Наурыз” бильярд клубының карантин талаптарын бұзып, “Ашық” бағдарламасына тіркелмей, 23:00-ге дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ рейд барысында Мега және Цум сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған ірі ойын-сауық кешендерінде сатушылар мен тұтынушылардың бетпердесіз жүргендігі және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер жоқ. Бұл мәселелер бойынша сауда орталықтың басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды.
Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға бетперде тағу міндеттелген. Осыған байланысты автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріліп, бетпердесіз отырған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді.

Leave a reply