БОЗАРЫҚ САЯЖАЙЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
119

Инфрақұрылымдық дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаласы аясында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері аудан аумағындағы Бозарық саяжайының тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында саяжайдың өзекті мәселелері, оның ішінде көшелерге атау беру және асфальт төсеу бойынша өтініштері жан-жақты талқыланды.

Қазіргі таңда Бозарық саяжайында 55 көшенің 20 көшесіне асфальт төселген. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, жалпы Қаратау ауданы бойынша 47 202 жеке тұрғын үйдің 77 пайызы тәулік бойы, 12,6 пайызы кесте бойынша, 10,4 пайызы тасымал сумен қамтылған. Осы орайда ауыз сумен қамтуды қажет ететін 6 елді мекен (Асар-2 ш/а (2 кезек), Бозарық с/ж, Қайнарбұлақ т/а, Исфиджаб т/а, Сайрам т/а, Қызылсу тұрғын алаптарының Жаңақұрылыс аумақтары) «Шымкент қаласын дамытудың 2020–2023 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» енгізілген. Бұл ретте аудан тұрғындарының 73 пайызы табиғи газбен, ал 78 пайызы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Leave a reply