Thursday, November 21

ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
128

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және «Shymkent Qus» ЖШС-нде Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы семинар-кеңес өткізді.

Бүгінгі семинарда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер, ұжымдық шарт пен еңбек шарты, медиация жұмыстарын жүргізу, еңбек шарттарын «Enbek.kz» базасына енгізу, жалақы қарызы және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, кәсіпорында 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Серіктестікте кәсіподақ ұйымы құрылмаған.

Жиын барысында Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақ ұйымын ашып, еңбек құқықтарын қорғау жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Компания жыл басынан бері жазатайым оқиға орын алған бойынша қызыл аймаққа кіреді. Бүгінде жазатайым оқиға салдарынан бір адам ем қабылдауда.

Сондай-ақ, жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді.

Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.

Leave a reply