ШЫМКЕНТТЕГІ МЕКТЕПТЕР ЗАМАНАУИ ДИЗАЙНДА САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
113
Бұл – Тұран шағынауданында орналасқан №139 мектеп. 1200 орынға шақталған. «АРТ-құрылыс» мердігер мекемесі мектеп құрылысын 2019 жылдың қараша айында бастаған болатын. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Қазір кемшілік тұстары жөнделіп, ішкі жұмыстар атқарылудадеп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп жаңаша дизайнда жасалып, қабырғасына арнайы бояулар қолданылған. Ерекшелігі – заман талабына сай техника, жиһаздармен жабдықталған. Лингафонды мультимедиялық кабинеттер, модификацияланған химия, биология және физика сыныптары, СТЕМ-кабинеттер, арнайы ақпараттық-технологиялық құрал-жабдықтар – барлығы соңғы заманауи стандартқа сай жарақталған.
Балалардың қауіпсіздігі үшін ішкі істер органдарымен орталықтандырылған бейнекамералар қойылады. Сонымен бірге, адам түрін танитын турникеттер мен дабыл батырмалары да қарастырылған.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес аталған ерекшеліктер мен қажеттіліктер қаладағы салынып жатқан барлық жаңа мектептердің құрылысына қойылатын басты талап болып отыр.
Мектеп қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын. Заманауи білім ордасы балалардың көңілінен шығары сөзсіз.

Leave a reply