МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАСТАР АРАСЫНДА НАСИХАТТАЛУДА

0
113

Шымкентте 240 мыңға жуық жас болса, олардың  арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,8 пайызды құрайды. Жұмыссыздық мәселесін шешуде қалалық «Жастар ресурстық орталығында арнайы бөлім жұмыс істейді. Орталықта құрылған арнайы топ бүгінде жастар арасында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

– Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары мен шалғай тұрғын алаптарда тұратын жастарға елімізде жаңадан басталған «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жастарға жұмыспен қамту, тұрғын үй және кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестер беріледі, — дейді Жастар ресурстық орталығы «Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің басшысы Ботакөз Тұрлыбекқызы.

Биыл Шымкентте «Жастар практикасы» жобасы аясында 2500 маманға жолдама беру жоспарланған. 1000-нан астам жас бүгінде жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр.

Ал Жұмыспен қамту орталығында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бері 12 654 адам жұмыспен қамту шарасына қатысқан. Оның ішінде, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 1440 адам жіберіліп, 21 азамат несиеге қол жеткізген. 584 тұрғын мемлекеттік грант алған. Сонымен қатар, 4279 адам бос жұмыс орындарына, 211-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 1078-і жастар практикасына, 2825-і ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасыпты.

Leave a reply