КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын – оның жайқалған жасыл желегі. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданын жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.
Сондай-ақ, тал-теректер отырғызып, оларға күтім жасау – ауданымыз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыстардың бірегейі. Биыл көктемде ауданның басты көшелерінің бойына қондырылған туя шыршалары тамырын кеңге жайып, жақсы өніп-өсуі үшін оларға арнайы қоршаулар жасалды. Шыршаларға суғару, күтіп баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Аталған жұмыстар «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.