ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек ауданның шалғай аймағында орналасқан Қаратөбе аумағының ауыл билері, көше комитеті төрағалары, ардагерлер кеңесі басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыз су, ағын су, электр жарығы, жолдарды жөндеу, мәдениет саласындағы мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі кездесу барысында көтерілген барлық мәселелерді жеке бақылауына алып, тиісті басқармалармен бірлесіп, жұмыстарды жүргізетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, аудан әкімі осы күні «Тұрдыабад» тұрғын алабында болып, ондағы Н.Ризаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мекемеге жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізілуін баса назарға алуды айтты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасына сәйкес «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысымен биыл Еңбекші ауданында 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары басталды.
Айта кетейік, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz интернет ресурсы әзірленді.