«KASPY STEEL» ЖШС 40 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН
Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай «KASPY STEEL» ЖШС металл бұйымдарын құю зауытының ашылу рәсімі өтті.
Бүгінгі таңда кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылып, инвестиция көлемі 400 млн теңгені құрады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 000 тонналық металл өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан.
Сонымен қатар, қазіргі таңда 58 млн. теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылға 3 376 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3 376 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге бойынша 200 млн. теңге. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 81,6 млрд. теңгеге 82 кәсіпорыннан өтініш түсті. Екінші деңгейлі банктермен 46,2 млрд. теңгеге 59 жобаға қолдау көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген. Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.
Сонымен қатар, Шымкентте әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 млн. теңгеге дейін 1%-дық несиелер беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн. теңге қаржы қаралған.