ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

0
126

Осы жылдың 10 шілдесінен бастап №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді. Осыған сәйкес, медициналық мекеме ковидке шалдыққан науқастарды қабылдайтын болады.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың инфекциялық стационар ретінде дайындық барысымен танысып қайтты.

Емдеу мекемесінің бас дәрігері Туманов Қанаттың айтуынша, мұндағы инфекциялық стационар 250 төсек орынға  дайындалған. Төсек орындардың барлығына оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Мұнан бөлек  53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген  сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Ал, медицина мамандары науқастарға қажетті кислородты аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

Өткен жылғы жағдайды ескере отырып,  шаһар басшысы аурухана бас дәрігеріне ковидке шалдыққан науқастарды қабылдау барысын тағы да пысықтауды тапсырды.

Осы орайда, тәртіп сақшылары мен дәрігерлер қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Leave a reply