ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНА ҚАТЫНАЙТЫН №17 АВТОБУСТЫҢ ЖОЛЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

0
134

Кешегі «Тұран» шағынауданын дамыту бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен көшпелі жиында аталған аудан тұрғындары №17 машрутты созу туралы өтініш жасаған болатын.

Тұрғындардың өтінішін назарға алған қала басшысы бұл мәселені шешуді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовқа тапсырған болатын. Міне бүгін басқарма басшысы өз бақылауына алып, аталған маршрутты Тұран-1-де орналасқан үйлерге дейін ұзартты.

№17 маршруттың аралық жиілігі 20-25 минутты құрайды. Бұл бағытта жұмыс күндері -7, ал демалыс күндері -5 автобус қызмет көрсетеді. Тағы айта кететін жағдай басқарма тарапынан м/а тұрғындары санының өсуіне байланысты №75 маршрутты қосу жұмыстары жоспарлануда.

Тұран шағын ауданы тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады.

Құрылыс жұмыстарын «Әсем Құрылыс» ЖШС-гі жүргізеді. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, Тұран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер жаңадан салынған желілерге қосылып, электр қуаты тұрақты түрде берілетін болады.

Сондай-ақ, Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 75 % аяқталған. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су берілетін болады.

Leave a reply