«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
Шымкенттік 16 отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде іріктеуден өтіп, бүгін марапатқа ие болды.
2013 жылдан бері дәстүрге айналған байқауға қаладағы төрт ауданнан барлығы 110 үміткер қатысты. Байқаудың мақсаты – конкурсқа үлгілі, өнегелі, өсіп-өніп салиқалы ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасылар мен еңбек династияларына және әрбір отбасының қайталанбас мерейлі сәтін қалыптастыруға үлкен үлес қосқан отбасылар.
Байқауға Абай ауданынан қатысқан 31 отбасының бірі — тек Қазақстанға емес, алыс және жақын шетелдерге танымал өнерлі Бейісбековтер отбасы.
Отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттауда белсенділік танытып, жүздеген ұл, қыздарды қолөнермен, зергерлік пен тоқыма өнеріне, сурет салуға баулып, шеберлік сабақтарына өткізуден жалықпаған Болат аға мен Күләш ханым, Берік пен оның жұбайы бүгінде қаладағы жеке «Алтын Орда» галереясын қазақтың ұлттық өнерін насихаттау орталығына айналдырған.
Қала, аудан әкімдігінің өкілдері мен «Рухани Жаңғыру » Жобалық кеңсесінің жетекшісі Зәуре Оралбаева жеңімпаз отбасыға қала әкімінің Алғыс хатын және арнайы сыйлығын табыстады.