«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ» АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ
Шымкентте қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы — бұл кеңес империясының бұғауынан құтылып, еліміз өз еркіндігін алып, өз тағдырын шешетін жылдарда жарық көрген қазақ поэзиясы.
“Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы” тақырыбындағы патриоттық мәнерлеп оқу байқауы ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінде өткізілді.
– Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Қазақстанның бүгінгі таңдағы тәуелсіздігінің құдіретті күші ұлттар достастығы, ел бірлігі және Елбасымыздың салиқалы саясатында жатыр. Мемлекетіміз осындай аз ғана уақыт ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – негізгі стратегиялық бағыттардың жүзеге асырылуында, — дейді жас сарбаздар.
Жалпы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы — әмбебап профильді кітапхана болып табылады. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айынан бері ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді.
Кітапхана 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдерге, олардың тәрбиесімен айналысатын басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.