«ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫНА ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
130
Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында көпқабатты үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу мәселесі талқыланды. Аталған кездесуге «КазТрансГаз» АҚ, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының газ инспекциясы бөлімінің мамандары қатысты.
Сала мамандары тұрғындарға табиғи газ жүйесі автоматтандырылған газ тарату станциясын қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін берілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, пәтерлерде газ балонын пайдалануға болмайтыны жөнінде ескертті.
Айта кетейік, «Тұран» шағынауданында қазіргі таңда пайдалануға берілген 59 көп қабатты үй бар. Аталған шағынаудандағы тұрғын үйлердің газ мәселесі АГТС-ті пайдалануға бергеннен кейін толық шешімін табатын болады.

Сонымен қатар, Тұран шағын ауданы тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, Тұран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер жаңадан салынған желілерге қосылып, электр қуаты тұрақты түрде берілетін болады.

Сондай-ақ, Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 75 % аяқталған. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су берілетін болады.

Leave a reply