ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда. Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстарын «Zhasyl zher» ЖШС -гі атқаруда. Аталған мекеме тазалық жұмыстарын орталық көшелерде күнделікті жүргізеді.
Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 техника мен 180 адам жұмылдырылған.
Қаратау ауданында жалпы 524 аялдама мен 200 шаршы метрге жуық аяқжол бар.
Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.
Айта кетейік, Қаратау ауданындағы көшелерде қазіргі уақытта топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, аталған аудан аумағында жалпы 1272 көше бар болса, ол көшелер 1 110 шақырымды құрайды. Оның ішінде 483 көшеде асфальт жол болса, 735 көшеге шағал тас төселген. Енді қалған 54 көше, ол 45,7 шақырым құрайды. Қалған 54 көше жол топырақ көшелер.