БАТЫС ШАҒЫНАУДАНЫНДА СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

0
145

Шымкент қаласының Батыс шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер «Мелиоратор» мекемесі тарапынан өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Ұзындығы 151,47 шақырым ауыз су жүйесі құрылысының бүгінде 80 пайыз жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмысы толығымен 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, Батыс шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан 2021 жылдың мамыр айында құрылыс жұмысы басталды.
Айта кетерлігі, инфрақұрылымдық даму қаланың 5 жылдық жоспарында қамтылған.
Бірінші кезекте, халықты сапалы ауыз сумен қамту назарға алынды. Бүгінгі таңда шаһардағы 5 елдімекен жартылай, 7 елдімекен су тасымалымен қамтылған. Үкімет қолдауымен 16 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз су мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі.
Сонымен қатар бүгінде шаһардағы 63 елді мекенде кәріз жүйелері жоқ. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпейді. Бұл ретте биыл 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайызға жетеді.

Leave a reply