АБАЙ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

0
132
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштар, қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында жалпы 258 аула орналасқан. Қазіргі таңда Республика, Ю.Гагарин, Ғ.Иляеев көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары тазартылды. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес, атқарылуда.
Тазалық іс-шараларына «Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-ның 12 техникасы мен 78 қызметкері жұмылдырылған.
Сонымен қатар, аулалардағы шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлім тарапынан қадағалануда.
Айта кетейік, аудан аумағы бойынша 23 елді мекен (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Бүгінде Алтынтөбе, Ынтымақ-2 шағынауданының Батыс бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 елді мекенге (Ынтымақ-2, Нұршуақ,) табиғи газ жүйесін тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде.
Сондай-ақ, 2021 жылы аудан аумағында 36,9 шақырым 38 көшеге асфальт салу жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Leave a reply