АБАЙ АУДАНЫНДА МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

0
177

Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес Абай ауданы бойынша құрылған мобильдік топтың құрамына тиісті қалалық басқарманың өкілдері енгізіліп, жұмысы жандандырылды.
Мобильдік топ бүгінде аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың, оның ішінде базарлар, қоғамдық тамақтану орындарына және т.б нысандардың жұмыс уақыты мен карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы аудан бойынша маусым айынан бері 2221 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 113 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент қаласында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, сала мамандары кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарынан карантин талаптарын қатаң сақтауды сұранады.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасы жанынан 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдерге арналған.

Резервтік стационарда реанимациялық төсек орындар мен науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді.

Leave a reply