ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қала тазалығын басты назарда ұстаған Қаратау ауданында күн сайын көшелерді, тротуарларды сыпыру, тазалау және жуу, арық желілерін санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Көшелерді жинауға 50 бірлік арнайы техника, оның ішінде 24 суару-жуу машинасы, 2 тротуар жинау машинасы, 3 трактор, сондай-ақ 180 жұмысшы жұмылдырылды.
Жауын-шашын кезінде судың кедергісіз өтуін ұйымдастыру мақсатында жолдардың жүру бөлігінің астындағы арықтар мен арық өткелдері тазартылды. Нәтижесінде 18 текше метр қоқыс шығарылды.
Еске сала кетейік, аталған жұмыстар ауданның орталық және ішкі орамдық көшелерінің санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жүйелі атқарылуда.
Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда. Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстарын «Zhasyl zher» ЖШС -гі атқаруда. Аталған мекеме тазалық жұмыстарын орталық көшелерде күнделікті жүргізеді.
Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 техника мен 180 адам жұмылдырылған.
Қаратау ауданында жалпы 524 аялдама мен 200 шаршы метрге жуық аяқжол бар.
Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.