ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БАРЛЫҚ КӨШЕГЕ АТАУ БЕРІЛГЕН

0
146

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласы Әл-фараби ауданында атауы заңдастырылған 45 көшеге 4 321 дана «QR коды» бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2020 жылы аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйге және 75 көшеде орналасқан 2 380 жер үйге «QR-код» және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшаларды орнату жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданындағы жалпы 404 көшенің бәріне атау берілген. Ал аталған 404 көшенің 103-і толық жарықпен қамтылса, 301 көше жарықтандыруды қажет етеді. Биылдың өзінде ауданда 22 көшені жарықтандыру көзделіп отыр. Бұл ретте 2021 жылы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес Сәуле шағынаудандағы 2 көшеде және орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда бүгінде аталған ауданның шалғай елді мекендері саналатын Ақтас, 195 және 276 орамдарда инфрақұрылым мәселесі ретімен шешімін тауып келеді. Яғни, Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағынауданындағы ауыз су құрылысы осы жылдың қарашасында аяқталуы тиіс.

Leave a reply