ШЫМКЕНТ: АУДАН ӘКІМІ СЕРПІНДІ ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

0
121

Әл-фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев сенбілікке қатысты. Көгалдандыру жұмысы барысында аталған аудан аппаратының қызметкерлері мен «Build stroi» мекемесінің 70-ке жуық жұмысшысы және 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Бұл сенбілікте Әл-Фараби ауданына қарасты Сауле мөлтек ауданының кіре берісіне және №129 мектептің алдына егілген ағаштардың түптері қопсытылды. Одан бөлек, ағаштарда судың ұзақ сақталып, жақсы сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалды. Мұндай күтіп баптау жұмыстары Қонаев пен Бәйдібек би даңғылдарында да жүргізілуде. Ал аталған жұмыстардың тұрақты жүргізілуін аудан әкімі Рашид Мамытұлы жіті бақылауына алған.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент шаhарында «Жасыл ел» және «Студенттер құрылыс жасақтары» қала тазалығына атсалысуда. Мұнда 600-дей жас қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазарту жұмыстарына жұмылдырылып отыр. Олардың үшінші мегаполистің тазалығына атсалысуы екі ай бойы жалғасады. Ал осы еңбекте белсенділік танытқан жастарға арнайы марапат пен сыйлықтар табысталады.

Leave a reply