Thursday, November 21

АУДАН ӘКІМІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0
122

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі Досбол Есілбек Қарабастау тұрғын алабында болып, ауыз су мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы орайда ол аудан жұртшылығына алдағы уақытта атқаратын жұмыстар мен жоспарларын бөлісті.

Досбол Күздікбайұлының сөзінше, Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылысындағы 1 424 учаскені және 46 үйді ауыз су жүйесімен қамту мақсатында бүгінде Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Конструктор-80» ЖШС-і жобалау сметалық құжаттама әзірлеуде. Бұл жобалау сметалық құжаттама жұмыстары аяқталған соң, келесі жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі. Ал қазіргі таңда апта сайын тұрақты түрде 46 үйге демеушілер тарапынан ауыз су тасымалданып жатыр.

Айта кетейік, биыл қалада 3 магистралды суаққы, тасымалды 7 елді мекен және кестемен 2 елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде, шымкенттік тұрғындарды ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6 пайыздан 98 пайызға өседі.

Leave a reply