АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭСКПОРТЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековті қабылдап, алты айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Асқар Сәкенұлының айтуынша, Шымкент қаласында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 095 млн теңгеге артқан. Осы уақыт ішінде 8,7 мың тоннадан астам ет, 26,3 тонна сүт және 77,7 млн дана жұмыртқа өндірілген. Яғни, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрап отыр.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5 млн АҚШ долларына артқан. Нақты көлем индексі 126 пайызды құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде 55,5 млрд АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған болатын.
Есепті жиын соңында шаhар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы ауыл шаруашылығы саласына берілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, қызығушылық танытқан шаруалардың жобаларын жүзеге асыруда белсенділік танытуды тапсырды.