ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА 14 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
140

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековті қабылдады. Бұл қабылдау кезінде басқарма басшысы Мұрат Әйтеновке алты айда атқарған жұмыстарының есебін берді.

Жарты жылдық есепте белгілі болғандай, Шымкент шаhарында ауыл шаруашылық саласында биылғы жылы құны 9 млрд теңгеге 1 500 жұмыс орнымен жиырма бес жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынған.

Бүгінде құны 5,2 млрд теңгені құрайтын он төрт жоба іске қосылып, нәтижесінде 208 жаңа жұмыс орны ашылған.

Айта кетейік, қалған жобалар жылдың соңына дейін ашылатын болады. Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. Ал өсімі 108,5 пайызды құрайды.

Leave a reply