ШЫМКЕНТТЕ 1500 ЖАЛПЫ БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫН ОРНАТУ ЖОСПАРЛАНУДА

0
136

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, қаланың жол және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдағы уақытта 300 аппараттық-бағдарламалық кешен және 1500 жалпы бейне бақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.

– Бүгінгі таңда, полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері үшін 32 автоматтандырылған жұмыс орны ұйымдастырылып, әзірленген мекенжай бағдарламасына сәйкес 14 желілік учаскелерге және 24 жалпы бейнебақылау камералар орнатылды, — деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, осы айда қала бойынша 700 жалпы бейне бақылау камералары орнатылып, Шымкент қаласының полиция департаментінде қосымша жаңа деректерді өңдеу орталығы ашылатын болады.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, қыркүйек айында 300 ақпараттық кешен -100 көше қиылысы және 200 желілік учаскелерде бейне бақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ, қалған 800 жалпы бейне бақылау камералары қыркүйек айдың сонына дейін орнатылып, жоба толық қазан айында іске қосылмақ.

Айта кетсек, осы аптада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.Қала әкімі Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды. Полиция тарапынан ұсыныс берілсе әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Еске салсақ, қалалық әкімдіктің қолдауымен 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш, 1402 планшет және 400 дана компьютер, 550 бейнежетон және өзге де техникамен қамтамасыз етілген. Қосымша 3740 бейнебақылау камерасы берілмек.

Leave a reply