ТҰРҒЫНДАРҒА СУҒА ШОМЫЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
125

 

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының және  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кезекті іс-шара Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан көлде өткізілді. Шомылып жүрген азаматтарға «Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік» шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамаларды тапсырды.

Бұдан бөлек, ТЖ басқармасының мамандары мен  №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, Мәртебе тұрғын алабында Леонов және Коммунистическая көшелерінде «Шомылу маусымы» кезінде су айдындарында және бассейндерде қауіпсіздік шаралары бойынша үй аралау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының, №2 өрт сөндірі бөлімі мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бірлесіп профилактикалық рейд ұйымдастырып өткізді. Рейд барысында шомылу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтайтын ережелер түсіндірілді. Аудан аумағында орналасқан «Холодильник» демалыс орнында және Бадам өзені бойында ескерту тақтайшалары орнатылды.

Бірлескен рейд Абай ауданындағы Жаңаталап елдімекенінде де ұйымдастырылды. Бұл ретте, шомылуға тыйым салынған Бадам өзені бойында және жекеменшік карьерде жүргізіліп, судың бойына демалуға келген адамдарға ескерту жасалынды.

Leave a reply