ШЫМКЕНТ: АБАТТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНҒА ӘКІМШІЛІК ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ

0
123

Осы аптада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовті қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Қала әкімі Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ шаһардың тазалығына тұрғындар тарапынан назар аудару керектігін айтқан-ды.

Бұл ретте, шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті азаматтың Тассай елді мекені, Досымбекұлы көшесінің бойына құрылыс қалдықтары үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына(Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Leave a reply