АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МОБИЛЬДІ ТОППЕН БІРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Шымкент қаласының Абай ауданы Қызылжар шағын ауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Бұхарбай Парманов рейд барысында «Нұр-777», «Кездесу», «Дидар», «Сұлтан ата», «Bomond», «Ынтымақ», «Аль-акрам» және т.б. тойханаларға той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды.
Айта кетейік, Шымкент қаласының барлық аудан аумағында мобильдік топтардың жұмысы қарқынды жүргізіліп отыр. Мәселен, Абай ауданы аумағында мобильдік топ 2021 жылдың 1–26 шілде аралығында 3 157 нысанға мониторинг жұмыстарын атқарған. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған 109 нысан анықталған. Нәтижесінде, 1 шілде мен 28 шілде аралығында алпыз сегіз нысанға айыппұл салынып, он тоғызы полиция басқармасында қаралуда. Жалпы, жыл басынан бері 6 578 нысан тексеріліп, 519 нысанға айыппұл салынған. Ал «Ашық» мобилді қосымшасына аталған аудан бойынша 206 нысан тіркелген.