ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ №3 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
114

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке келген қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау министрі, ең алдымен, емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинеттерін тексеріп, вакцинациялау жұмыстарының барысын көрді.

№3 қалалық емханада алғашқылардың бірі болып екпе егу кабинеті ашылған еді. Мұнда күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады.

Сондай-ақ, министр емхана жанынан құралған мобильді бригадалар жұмысымен де танысты. Мобильді топ қызметкерлері емханада тіркелген науқастарға үй жағдайында амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.

Емхананың бас дәрігерімен сұқбаттасқан Алексей Цой науқастарға көрсетілетін қызметтер емхана деңгейінде күшейтілсе, ауруханаға түсетін пациенттер санын азайтуға болатынын айтып, мобильді бригадалар санын көбейтуді тапсырды.

Айта кетейік, қызметтік іссапар барысында министрдің қатысуымен коронавирус инфекциясына қарсы республикалық штабтың отырысы өтті. Бұл жиынның соңында А.Цой мемлекет барлық бағыт бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, Мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жарықтандыру, науқастарды емдеу әдісін енгізу және басқа да өзекті сұрақтарды шешу бойынша тапсырмаларын орындау жұмыстарын күшейту қажет екенін жеткізді.

Leave a reply